- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру бойынша форум өтті (Фото)
Қызылордада мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру бойынша форум өтті (Фото)
Бүгінде жалпы облыс бойынша 26 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың өмірін жеңілдету мақсатында қабылданған «Жол картасы» бойынша екі жылда 8,1 миллиард теңге қаржы бөлінді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін өзгеден кем сезінбеуі үшін әлеуметтік мәселесі дұрыс болуы қажет. Бұл бағытта аймақта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, қазір облыстың барлық ауданында «әлеуметтік такси» қызмет етеді.
Сондай-ақ, Қызылордаға жаңадан әкелінген 20 қоғамдық автобуста мүгедектердің мініп-түсуіне жағдай жасалған. Алдағы уақытта осындай 100 автобус алынады. Өткен жылы мүгедектерге арналған 7 аула клубы ашылса, бұл игі істер биыл жалғасын тауып осындай аула клубтары Қазалы, Жалағаш аудандарында да ашылды.
Жол картасының аясында мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге, емдеу- сауықтыруға және кресло – арбалармен, балдақтармен барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін 2015 жылға облыстық бюджет есебінен 256 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, былтыр 470 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 45 мүгедек 90 миллион теңгеден астам қаржы алып, өз кәсіптерін бастады. Талсуат елді мекенінде орналасқан Мүгедектерге арналған оңалту орталығында 1205 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Форумда «Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» РҚК төрайымы Жанат Омарбекова мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрғын үйлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени және спорттық нысандарға кіріп-шығу мүмкіндігіне, жаңадан салынып жатқан нысандарда мүгедектерге арналған пандустар салынуын қадағалау керектігіне тоқталды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар өз кезегінде толғандырған мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Форум соңында мүгедектер үшін кедергісіз орта қалыптастыру І форумының үндеуі қабылданды. Мүмкіндігі шектеулі жандардардың қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды