БҚО-да АӨК саласында 3,8 млрд теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

17 Сәуір, 2015 10:31
Батыс Қазақстан облысында агроөндірістік кешен саласында жалпы құны 3,8 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады аймақтың ішкі саясат басқармасы.

Оның ішінде ет өңдеу цехы,  мал бордақылау цехы, көкөніс сақтау қоймасы, қасапхана, мал семіртетін алаң, репродуктор шаруашылығы бар.

«Жылына 5 мың тоннаға дейін мұздатылған лақ етін өндіре алатын ет өңдеу кешені бүгінде өз жұмысын бастап кеткен. Сонымен қатар, мал бордақылау цехының (жылына 1750 бас мал) құрылысы да аяқталды. Бұдан басқа, сыйымдылығы 2,4 мың тонна өнімді сақтауға мүмкіндік беретін көкеніс сақтау қоймасы іске қосылды. Бір ауысымда 15 тонна ет беретін қасапхана мен 500 мал басына есептелген семірту алаңының құрылысы жалғасуда», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 300 ірі қара мал басына есептелген репродуктор шаруашылығын құру бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Аталып өткендей, аталмыш жобаларды іске асыру аймақтың экспортық әлеуеті мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің бәскеге қабілеттілігін арттырады.

Барлық жаңалықтар