- Басты
- Жаңалықтар
- ҰҚШҰ ПА және ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясында 20 өзекті мәселе қаралды (Фото)
ҰҚШҰ ПА және ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясында 20 өзекті мәселе қаралды (Фото)
Сенат Төрағасы Ауғанстан Ислам Республикасының Волиси Джирга Ассамблеясы делегациясының басшысы Мохаммад Салех Сельджукимен кездесті. Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығының қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді. Парламент жоғарғы Палатасының басшысы Қазақстан Ауғанстанның қажетті экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқаны, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына жәрдем берілгені туралы атап өтті. «Біз Ауғанстанда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орныққанын қалаймыз», - деді Қ.Тоқаев.
М.Сельжуки қаржылай және гуманитарлық көмек берілгені үшін Қазақстан Президенті мен Қазақстан халқына алғыс айтты және ауған студенттері үшін біздің еліміздің білім беру бағдарламасы жалғаса беретініне сенім білдірді.
Халықаралық саладағы күн тәртібін талқылай келіп, жүздесушілер Ауғанстан төңірегіндегі оқиғаларға орай алаңдаушылық білдірді. «Біз Ауғанстан айналасындағы жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. ҰҚШҰ қызметінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік басым бағыт», - деді Қ.Тоқаев.
Парламентаралық байланыстарға қатысты Сенат Төрағасы қазіргі жағдайда парламенттік дипломатияның зор рөл атқаратыны және Қазақстанның Ауғанстан Парламентімен ынтымақтастықты үдетуге мүдделі екенін айтты.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы барысында депутаттар ҰҚШҰ Кеңесі желтоқсан сессиясының шешімдерін және Ұйымның жауапты аймағындағы жағдайды талқылады, ҰҚШҰ-ға 2015 жылы Тәжікстан Республикасының төрағалық етуіндегі басымдықтарымен танысты, ҰҚШҰ ПА қысқы сессиясының нәтижелерін және ҰҚШҰ аясындағы парламенттік ынтымақтастықтың өзге де мәселелерін қарады.
Кеңес отырысында және ТМД ПАА жалпы отырыстарында қатысушы мемлекеттер парламенттерінің басшылары жиырмадан астам өзекті мәселелерді талқылады. Мерейлі мереке – Жеңістің 70 жылдығына «Отан қорғау жолында қаза болғандарды есте қалдыру туралы» және «Патриоттық тәрбие туралы» екі үлгі заң әзірленді. Сондай-ақ күн тәртібіне «Контрейлерлік тасымалдау туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Мемлекеттік сектор ұйымдарындағы ішкі аудит туралы», «Еріктілік (волонтерлік) туралы» секілді маңызды үлгі заңдар, «Туристік қызмет туралы» үлгі заңның жаңа мәтіні, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің технологиялық терроршылдыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары енгізілді.
Парламент Сенатының депутаттары ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының қорғаныс және қауіпсіздік; әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының және ТМД ПАА-ның әлеуметтік саясат және адам құқықтары; саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық; ғылым және білім жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері