- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында аймақтарды абаттандыруға 2,6 миллиард теңге бөлінді
Ақмола облысында аймақтарды абаттандыруға 2,6 миллиард теңге бөлінді
Ақмола облысындағы көктемгі айлық кезінде аймақтардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мен жасылдандыру бағытында жалпыоблыстық сенбілік өткізу жоспарлануда. Ақмола облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, көктемгі айлық 13-сәуір мен 23-мамыр аралығынна жарияланып отыр.
«Биылғы жылы жолдарды жөндеу мен айналасын ретке келтіру, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен қоршауларды жарықтандырғыш құралдарды қалпына келтіру, қажетінше, сырлап, ақтау, спорт нысандарын ретке келтіріп, саябақтар мен гүлзарларды тазарту сияқты бірқатар шаралар жоспарлануда. Көшелердің көркі мен архитектуралық пішінін сақтау, талдарды суаруға қажетті қаржы қарастырылуда. 2015 жылы осы бағыттағы жұмыстарға барлығы 2,6 миллиард теңге бөлу жоспарлануда»,-делінген хабарламада.
Айта кететін мәселе қалалар мен аудандарда санитарлық тазалық пен көгеріштендіру жұмыстарына байланысты тиісті құжаттар бекітіліп, жоспар құрылып, тазалық мәселелерін бақылаумен айналысатын штаб құрылды. Тазалық айлығының тиімді өтуі үшін тазалуға жататын аймақтар 181 шағын телімдерге бөлініп, ондағы тазалық жұмыстарына 181 ұйым қатысады.
Айлық аясында жалпықалалық сенбіліктер мен апталық бейсенбіліктер ұйымдастырылуда. Оның барысында стихиялы түрде пайда болған қоқсықтар жиналған орындарды тазартып, талдарды ақтау, шөпті тазалау, шіріген жапырақтан тазарту, жалпы алғанда жаз мезгіліне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы шараларға қала мен аудандардық коммуналдық кәсіпорындарының барлық техникалары жұмылдырылуда.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері