• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Бас прокуроры Ақтөбе облысындағы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді

ҚР Бас прокуроры Ақтөбе облысындағы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді

16 Сәуір, 2015 19:15
Бас прокурор Асхат Дауылбаев Ақтөбе қаласында облыстың құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Келелі кеңесте А.Дауылбаев Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалуына және жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық атқарушылық, әкімшілік заңнамаларды қолданудың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударып, жаңа өзгерістерді жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жиналыста өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары, әлеуметтік шиеленістерді ескерту, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі, азаматтардың сенім деңгейін арттыру, прокуратураның құқық қорғаушылық рөлін нығайту, құқық бұзушылықтың профилактикасы, «мүлдем төзбеушілік» қағидасын жүзеге асыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.     

Барлық жаңалықтар