• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті қазақстандықтарды еліміздегі су тасқыны жағдайы бақылауда деп сендірді

ҚР Президенті қазақстандықтарды еліміздегі су тасқыны жағдайы бақылауда деп сендірді

16 Сәуір, 2015 18:49
Су тасқыны жағдайын шешеміз, ол үшін барлық ресурстар бар, барлық мүмкіндіктеріміз пайдаланылады, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан-түрік бизнес форумының қорытындысы бойынша БАҚ арналған брифинг барысында, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы атап өткендей, су тасқыны Қазақстанның 5 аймағын қамтыды.

«Қардың жылдам еруі, ауа-райының күрт жылуы аталмыш жағдайға әкелді. Бүгінде 15 мыңға жуық  адам көшірілген, материалдық шығында келтірілді. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5500 адам мен 1500 дана арнайы техника  тартылды. Қуанышқа орай қаза тапқандар жоқ. ТЖ органдарының қызметкерлері мақтауға тұралықтай істер атқаруда, олардың барлықтарына алғысымды білдіргім келеді. Мен барлық облыс әкімдерімен ұдайы байланыстамын. Қарағанды облысына 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Онда су деңгейі төмендей бастады. Менің ойымша су тасқыны жағдайын шешеміз, ол үшін барлық ресурстар бар, барлық мүмкіндіктеріміз пайдаланылады. Алаңдауға негіз жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Барлық жаңалықтар