Мәжілісмендер Санкт-Петерборда ҰҚШҰ ПА жиынына қатысты

16 Сәуір, 2015 18:16
Санкт-Петерборда өтіп жатқан ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА шаралары аясында Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі жұмысына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда ТМД кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 2015-жылы ҰҚШҰ-ға Тәжікстан Республикасының төрағалық етуі, сондай-ақ, 2016-2020 жылдарға арналған ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үндестіру және жақындастыру бойынша ҰҚШҰ ПА бағдарлама жобасына ұсыныстарға қатысты мәселелер талқыланды.

Осы күні Мәжіліс Спикері Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Кеңесінің төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті. 

Михаил Мясниковичті төраға қызметіне тағайындалуымен құттықтай келіп, Қ. Жақыпов Қазақстан мен Беларусь арасында қол жеткізілген саяси үнқатысудың сенімді әрі ашық сипатын сөз етіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға көңіл бөлді.  

Кездесу иелері екі елдің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласты.  

Барлық жаңалықтар