- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түркия 800 млн доллардың 19 коммерциялық құжатына қол қойды – ҚР ИДМ
Қазақстан мен Түркия 800 млн доллардың 19 коммерциялық құжатына қол қойды – ҚР ИДМ
Оған екі тараптан бизнес, мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялардың 400-ге жуық өкілдері қатысты, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Қазақстан мен Түркияның 2012 жылы қол қойылған «Жаңа синергия» экономикалық бағдарламасы аясында өзара ынтымақтастықты дамытып келе жатқандығы белгілі. Бұл бағдарлама сауда және инвестициялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік саласы және логистика, туризм және тағы басқа салаларда бірлескен жұмыстырын ширата түсті. Әсіресе, шағын және орта бизнесті ширатуда белсенділік барынша арта түсті.
Қазақстанға «Yildirim Group» (тау-кен-металлургия кешені, металлургия, жер қойнауын пайдалану), «Okan Holding (Sultan Marketing)», «Anadolu Beverage Group (Coca-Cola Icecek)» және Түркиялық басқа да ірі компаниялары инвестиция салды.
Дайын өнімдерді шығаратын бірқатар шағын және орта кәсіпорындар тамақ және жеңіл өнеркәсібі, құрылыс индустриясының инвестициялық жобаларды іске асыра бастады.
«Оңтүстік» ЕЭА-ғын түріктердің басқаруына беру туралы келісім бар. Одан бөлек, қазақ-түрік индустриялық аймақтарын құру мәселесі қарастырылуда.
Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты - екі елдің көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту. Жезқазған-Бейнеу теміржол магистралін жаңадан салынып жатқан Ахалкалаки (Грузия) - Карс (Түркия) теміржол желісімен интеграциялау мүмкіндігі қарастылуда. Оған Баку және Ыстамбұл порттары арқылы жаңа Мармарай теміржол туннелімен Еуропа елдеріне шығуға болады.
Қазіргі уақытта «Жаңа синергия» экономикалық бағдарламасы аясындағы жұмысты ширату жөнінде алғашқы жобалардың тізбесі жасақталды. Оған жалпы сомасы 2,8 млрд. доллардан астам 23 бизнес- бастама енді.
Оның ішінде бизнес-форум аясында сомасы 800 млн. доллардан астам 19 жоба бойынша құжаттарға қол қойылды.
Олар бойынша алюминийден жасалған радиаторлар, терезе және есік аксессуарлары, гидроизоляциялық және жабу материалдарын, болат құбырлар, фибробетон және фомбетонагидропондық жасыл жем, сонымен бірге коммерциялық және әскери кемелер салу, теңіз арқылы тасымалды дамыту көзделуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады