- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі арттырылады - Жолдасбаев
Қазақстанда ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі арттырылады - Жолдасбаев
«Ғылым жүйесінде ғылыми зерттеулерді қаржыландырудағы алшақтық әлі де сақталып келеді. Орталық зерттеулер үлесі - 23%, қолданбалы - 58% және тәжірибелік құрастырымдық зерттеулер - 19%. Бізге тәжірибелік құрастырымдық зерттеулердің маңыздылығын арттырып, олардың өндірісте пайдаланылуын қамтамасыз ету керек. Осы ретте қаржыландыру көлемін айтарлықтай арттыру көзделуде»,- деп атап өтті С.Жолдасбаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша аталмыш салаға жеке сектордың қаржысын тарту жоспарлануда.
«Соңғы кездері ғылыми этика мен плагиат проблемаға айналып барады. Ал, халықаралық ғылыми ортада этикаға үлкен көңіл бөлінеді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен ғылыми білім мен технология бойынша халықаралық этика комиссиясы жасақталды. Қазақстандық қауымдастық үшін бұл проблемада айтарлықтай маңызды»,- деп толықтырды комитет басшысы.
Оның пайымынша, мәселені этика бойынша комиссияны құру немесе сәйкесінше ғалымның этика кодексін жасақтау арқылы шешуге болады.
Камила Амирова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері