Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Ақтөбеге барды

16 Сәуір, 2015 16:54
Бүгін, 16 сәуір ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Ақтөбеде әлеуметтік сала, бизнес қауымдастық, «Актөбрентген» АҚ мен ферроқорыту зауытының ұжымы мен патриоттық клуб өкілдерімен,ардагерлер ұйымының мүшелерімен кездесті, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.

Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед,  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҚХА төрағасының орынбасары А.Башмаков, ҚР Парламентінің депутаты Елеусін Сағындықов пен Майра Айсина, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының бас директоры Серік Ақшолақов,  Республикалық тау-кен металлургия және тау өндіру кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец бар.

Қ.Жұбанов атындағы республикалық өңірлік университетінің студенттер сарайында Елбасы жақтастары мен әлеуметтік саланың өкілдерімен кездесу өтті. Олар бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін айтты. Елбасының есімімен ақтөбеліктер заманауи Қазақстанның экономикалық жетістіктері мен әділетті әлеуметтік саясатты байланыстырады.

19 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Еркін Сартаев «Болашақ» президенттік бағдарламасының арқасында көптеген тәжірибелік дәрігерлер еуропалық  мамандардан тағылымдама алып үлкен біліктілікке ие болғандығын айтты. РҚШ алдындағы өз сөзінде Еркін Сартаев «Мен және менің жұбайым мен осы жылы сайлауға тұңғыш рет қатысайын деп отырған қызым барлығымыз бірауыздан дауысымызды Нұрсұлтан Назарбаевқа береміз. Себебі, Елбасының арқасында біз аяққа нық тұрдық», - деді ол.

РҚШ мүшелері Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды. Оның өнімділік қуаттылығы  жылына 760 мың тонна  ферроқорытпаны құрайды. Ал өнім тек Қазақстанда ғана емес, оның сыртында да сұранысқа ие. Кәсіпорында 4 мың адам қызмет етеді.

Жаңа технологияларды енгізу жөніндегі бас маман Жәнібек Нұрмахамбетов кездесу барысында былай дед»: «Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің зауытымыздың капсуласын қалағаны көпшілігіміздің есімізді. Жақында ғана біздің барлығымыз Елбасының цехтың жіберуші-реттеу жұмыстарын іске қосу рәсімінің куәсі болдық. Біздің әрқайсымыздың зауытымыздың ең бірінші қазандығы мен ең  бірінші металын көрген сәтіміз есімізде. Біздің Көшбасшымыздың өзі де жұмысшы халық арасынан шыққан. Ол еңбекші халықты мұңы мен зарын өзгелерден жақсы түсінеді. Сондықтан да барлық металургтер Нұрсұлтан Назарбаев үшін дауыс береді!» 

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық фиолармонияда РҚШ өкілдері ардагерлер ұйымдары мен патриоттық клуб өкілдерімен жүздесті. Кездесуге қатысушылардың барлығы да мемлекеттің тұрақты әрі сәтті дамуының кепілі болып табылатын Елбасының айналасында топтасу қажеттігін айтты.

Тәуліктің екінші жартысында ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесу өтті. Бизнесмендер Мемлекет басшысының ұдайы қолдауының арқасында елдің экономикасы тұрақты дамып, бизнестің дамуына жаңғыл жол ашып отыр. Облыста бүгінгі таңда 36 мың кәсіпкер тіркелген. 2014 жылы олардың мемлекет бюджетіне түсірген салықтық төлемдерінің мөлшері 124 миллиард теңгені құрады.   

Дөңгелек үстел отырысының барысында кәсіпкерлер Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалды реформаны толық қолдайтындықтарын және  бес бағыттың бірі пайда табуды қамтамасыз етіп, шығынды азайтуға мүмкіндік беретін прагматикалық экономика екендігін атап өтті.    

«Ақтөбе өңірінің кәсіпкерлері Мемлекет басшысының Стартегиялық жоспарларын қолдайды және алдыға қойып отырған кең ауқымды, маңызды міндеттерді орындау үшін баларын салып бағады және бұл істі тек Елбасы  Нұрслтан Назарбаевпен бірге жүзеге асырады»»-деді «Қазқұбырөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  директоры Всеволод Щегельский. 

Жас кәсіпкер Тимур Қалиев өзінің сөзінде «Мен кәсіпкерлікпен 20 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Біз Батыс Қазақстан облысының барлық аймақтары бойынша жұмыстары атқарамыз. Енді ЕАЭО менің бизнесіме ешқандай кедергісіз Ресей нарығына шығуға мүмкіндік береді. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық ықпалдастықтың негізін қалаушы, локомотиві болып табылатындығын білемін. Мен Президентімізді біз үшін миллиондаған тұтынушысы бар нарыққа жол ашқаны үшін зор алғысымды білдіргім келеді»,-деді.

Бүгін РҚШ өкілдері «Ақтөберентген» АҚ жұмысшыларымен кездесті.

Электромонтажшы Ақжарқын Омарова зауытта 250 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан еңбекші Батановтар әулетінен, ол тәуелсіздік жылдарында кәсіпорында үлкен игі өзгерістер болғандығын атап өтті.

«Біз Қазақстанның тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарың қалай қиын болғанын білеміз. Біздің еліміздің алғашқы жетістіктеріне қалай қуанғанымыз есімізде. Біз осындай зақ әрі қиын-қыстау күндерді Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге еңсердік және алдағы уақытта да Мемлекет басшысымен бірге бара береміз»,-деді Ақжарқын Омарова.

Зауыт ұжымы Президенттің  қашанда еңбек адамдарын қорғап келгендігін, сол үшін олар сайлау күні өздерінің дауыстарын Ұлт Көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаевқа беретіндіктерін айтты.

 

Барлық жаңалықтар