- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың белсенділігін атап өтті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың белсенділігін атап өтті
Кездесуде биылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы мен ЭЫДҰ арасында қол қойылған Серіктестіктің Елдік Бағдарламасы аясындағы жобаларды қоса барлық бағыттағы екіжақты ынтымақтастықтың серпінді дамуы атап өтілді.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның әлеуметтік дамуы, оның ішінде денсаулық сақтау, білім, гендерлік саясат, статистикалық мәліметтер алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Г.Әбдіқалықова «Қазақстан-2050 стратегиясының, «Нұрлы Жол» бағдарламасының және Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Мемлекеттік хатшы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен ЭЫДҰ арасында ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеуге Қазақстан тарапы мүдделілік танытатынын жеткізді.
М.Бонтури Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы қызу диалогқа, атап айтсақ, делегациялар алмасу, қазақстандық өкілдерді ЕЫДҰ бейіндік органдарының жұмыстарына қатыстыру және барлық межеленген бірлескен жобаларды, оның ішінде Бәсекеге қабілеттіліктің Еуразиялық Бағдарламасына енген жобаларды тиімді іске асыруға қолдау көрсетудің маңыздылығын айтты.
Сондай-ақ ол алдағы VІІІ Астана экономикалық форумына ЭЫДҰ делегациясының басшысы ретінде қатысатынын нақтылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы