• Басты
  • Жаңалықтар
  • Түркия Президенті: Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жету үшін бар күшімізді саламыз

Түркия Президенті: Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жету үшін бар күшімізді саламыз

16 Сәуір, 2015 15:43
Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жету үшін бар күшімізді саламыз, деді ҚР Президентімен кездесуден кейiн жасалған бiрлескен мәлiмдеме барысында.

«Біз сауда және экономикалық қатынасымызды нығайтатын боламыз. Сондай-ақ, көлік және өнеркәсіп саласында да жұмысты күшейту қажет. Қазақстан мен Түркия арасындағы әлеует жоғары. Халықаралық нарықта Қазақстан Орта Азия мен Каспий арасындағы дәнекер ретінде үлкен рөл атқарады. Бұл орайда жүзеге асырылған жобалар өңірдің тұрақтылығы мен жақсы өмір сүруіне әкеледі. Біз Қазақстанда Орта Азиядағы ең сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастырамыз», - деді Түркия басшысы.

Р.Ердоған атап өткендей, өңірлік және жаһандық кейбір оқиғалар Түркия мен Қазақстанның сауда қатынасына  әсер етті.

«Біз бұл олқылықтарды жоюымыз керек. Біз кездесуде бұл мәселелерді талқыладық. Соған сәйкес екiжақты тауар айналымын 10 млрд долларға жеткiзу мақсатын қойып отырмыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға мемлекеттік сапармен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған келді. Сапар аясында екі мемлекет басшыларының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші  отырысына қатысуы жоспарланған.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар