• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Ердоған:Түркия Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке өтуде қолдау көрсетеді

Р.Ердоған:Түркия Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке өтуде қолдау көрсетеді

16 Сәуір, 2015 15:24
Түркия Республикасы Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке өтуде қолдау көрсетеді, деді Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Ақордада бірқатар келісімдерге қол қою барысында.

«Әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүшелікке кандидат болғанда біз өзара елдерімізге қолдау көрсетуге дайынбыз. 2017-2018 жылдары Қазақстан өз кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне ұсынады. Түркия бұл орайда Қазақстан халқына қолдау көрсетеді, бұл кампанияда біздің тарап аталмыш кандидаттықты қолдауға бар күшін салады», - деді Түркия Республикасы.

Р.Ердоған атап өткендей, жақын арада  ДСҰ-на ену туралы келіссөздер қорытындыланады, бұл орайда Түркия Қазақстанға  қолдау көрсететін болады.

«Сондай-ақ, жақын арада Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысты келіссөздер аяқталады. Біз бұл үдерісте Қазақстан халқымен бірге боламыз», - деді Түркия басшысы.

Айта кетейік, Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған  мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Сапар аясында екі ел басшысы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар