Астанада «Жас Ұлан» әскери әндер фестивалі басталды

9 Қазан, 2013 15:59
Бүгін, 9 қазанда, Астанада «Жас Ұлан-2013» XV Республикалық әскери әндері фестивалі қатысушыларын ақтық мәреге өту тыңдауы басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Астанада «Жас Ұлан-2013» XV Республикалық әскери әндері фестивалі қатысушыларын финалдық тыңдау басталды. Жалпы финалға әртүрлі бөлімдер мен әскери оқу орындарынан келген 250-ге жуық орындаушылар мен шығырмашылық ұжымдар қатысуда», - делінген хабарламада.

Республикалық фестивальға қатысушылар «орындаушы-вокалистер», «фольклорлық орындаушылар»,«вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар» атты үш номинациядағы конкурстық бағдарламада өнер көрсетеді.

«Жас ұлан» фестивалі ҚР Қарулы Күштерінде 1997 жылдан бері әскери ортадағы көркем өнерпаз шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларды дамыту үшін өткізіліп келеді. Ол әскерлерде кеңінен танымал. Шығармашылық көркем өнерпаздар әскери қызметшілер мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде үлкен орын алады.

 

Барлық жаңалықтар