- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ТМД елдерінің дәрігерлері инфекциялық аурулардың алдын алу жөнінде тәжірибе алмасты
Қазақстан мен ТМД елдерінің дәрігерлері инфекциялық аурулардың алдын алу жөнінде тәжірибе алмасты
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, іс-шараны ұйымдастырушылар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, «Инфекциялық аурулар жөніндегі Еуразиялық қоғам» халықаралық қоғамдық ұйымы және «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті түлектерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы.
Қазіргі уақытта инфекциялық аурулар адамның жалпы сырқаттанушылық құрылымында басты орындардың бірін алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, жыл сайын 2 млрд. адам инфекциялық ауруларға шалдықса, олардың 17 млн. қайтыс болады.
21 ғасырдың ерекшеліктері: иммунопрофилактика құралдарымен бақылауға болатын балалар инфекциясының (қызамық, дифтерия, көкжөтел, эпидемиялық паротит, полиомиелит) күрт төмендеуімен және жойылуымен қатар, эпидемия және індет (В және С вирустық гепатиті, АИТВ) түрінде ғаламдық көлемде таралатын инфекциялар пайда болуда; бұрыннан белгілі инфекциялардың (туберкулез, дифтерия, тұмау, қызылша және т.б.) эпидемиялық таралуы, барынша ауыр түріне және жиі өлі-жітімге әкелуі байқалады. Микроағзалардың химиялық препараттарға дәрілік қарсылығының дамуы және этиотропты терапия тиімділігінің күрт төмендеуі (70–90%-ға) проблемасы ғаламдық маңызға ие болды.
Алматыда ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу денсаулық сақтау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, отандық медицинаны қазіргі заманғы халықаралық зерттеу бағдарламаларына ықпалдастыруға, медицина мамандарының білім деңгейін арттыруға, эпидемиологиялық қадағалауды және инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарға көрсетілетін көмек сапасын жетілдіруге бағытталған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды