• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Чеботарев: «Сенің дауысың-сенің болашағың» постерлер байқауы -тиімді шығармашылық қадам

А.Чеботарев: «Сенің дауысың-сенің болашағың» постерлер байқауы -тиімді шығармашылық қадам

16 Сәуір, 2015 14:06
Жалпыреспубликалық «Сенің дауысың-сенің болашағың» постерлер байқауы шығармашылық қадам болып табылады, деді «Альтернатива» өзекті зертеу орталығы Андрей Чеботарев, деп хабарлады election2015.kz. сайты.

Оның айтуынша, байқау мен оның қорытындылары ағымдағы болып жатқан сайлауалды кампанияға қосымша болып тұр. Екінші жақтан,  ол азаматтарды сайлауға қатысуға тартудың бірден бір жолы.

Қызығушылық таныстқан азаматтар бұл оқиғаға толық қатыса алады, олар өздерінің ерекшеліктері мен таланттарын паш ете алады.

«Сондай-ақ, байқауға түскен постерлердің ешбір кандидатқа үгіт-насихат жасамауы қажет. Олар арқылы қазақстандықтар арасында электоральді белсенділік арттырылады. Әрине, постерлердің қазіргі саны ауыз толтырып айтарлықтай емес. Десек те, аталмыш интернет-ресурсқа кірушілердің саны артуда, олар өз отандастарының жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды», - деді ол.

А.Чеботарев атап өткендей, жастар арасында қызығушылық танытқандар бар, олардың көп бөлігі  электоральді үдерістерге енді араласып келеді. Постерлердің көп саны позитивке бой алдырған.  Олар қазақстандық сайлау үдерісіне ешқандай «реформа» енгізбейді. Бірақ, өздерінің қажетті үлесін қосып, алдағы кампанияларда көрініс табуға мүмкіндік алады», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар