- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы сайлауалды науқаны ұйымдасқан түрде әрі қарқынды жүріп жатыр – М.Әшімбаев
Қазақстандағы сайлауалды науқаны ұйымдасқан түрде әрі қарқынды жүріп жатыр – М.Әшімбаев
«Қазақстандағы сайлауалды науқанына талдау жасай келе, кандидаттардың штабтарының да сайлау комиссияларының да жалпы алғанда, барлық ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде екендігін айтпай кетуге болмайды. Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары да нақты өздерінің мақсат-міндеттеріне сай жүргізілуде. Штаб өкілдері өздерінің кандидаттарынан басқа, тұрғындарды сайлауалды бағдарламалармен таныстыру, сайлаушылардың белсенділігін арттыру бағытында да қомақты жұмыстар атқарды десе болады»,-деді саясаттанушы.
Оның сөзінше, сайлауалды науқан барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, ақпараттандыру жұмыстарын да талапқа сай орындауда. Ал БАҚ міз бақпай сайлауды үдерістерін бақылап отыр.
Д.Әшімбаевтың пікірінше, сайлау науқаны республиканың барлық аумағында белсенді жүріп жатыр. Осыған қарап, оның нәтижесі де біз күткендегіден жоғары болуы әбден ықтимал деп жорамалдауға болады. Осы жолғы сайлау үдерісі 1999, 2005, 2011 жылғы сайлаулармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып тұр. Өйткені бұрынғы сайлаулар бойынша үлкен талдау, сараптау жұмыстары жүргізіліп, қателіктер сараланып, барлық мүмкіндіктер жан-жақты қарастырылған.
«Президенттік сайлау-2015 – бұл жәй ғана процедура емес, ол еліміздің халқын біріктіру факторы, халықтың алдағы уақыттағы даму жолын таңдауына мүмкіндік беру, елдегі жағдайды өзінің жеке бас мүддесіне пайдаланғысы келетіндерге лайықты жауап беру»,-деді ол.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер