- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздегі су тасқыны жағдайы 7-10 күн ішінде қалпына келеді- ТЖК
Еліміздегі су тасқыны жағдайы 7-10 күн ішінде қалпына келеді- ТЖК
«Қарағанды облысы Ғ.Мұстафин атындағы ауылдың жағдай ұшығып тұр, онда 2 350 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Далалық асхана, медициналық орталық ұйымдастырылып, қоғамдық қауіпсіздік қатаң бақылауға алынған және қосымша күзет бекеттері ашылды. Ауылдағы су деңгейі төмендеуде, сондықтан тұрғындарға өз үйлерін аралауға мүмкіндік берілуде», - деді А.Советов.
Оның айтуынша, бұдан басқа 139 үй су астына кеткен Қызылжар ауданының тұрғындары да толығымен қауіпсіз аймаққа көшірілген.
«Теміртау қаласында жеке сектордың 46 үйі су астында қалған және 48 адам көшірілген. Құтқарушылар барлық сақтық шараларын жүргізуде», - деп толықтырды А.Советов.
Оның айтуынша, еліміздегі су тасқыны жағдайы шамамен 7-10 күн ішінде қалпына келеді.
«Ал үйлері су астында қалып қойған азаматтардың шығынын есептеу бойынша арнайы комиссия өз жұмысын бастап кетті. Азаматтарымыз мемлекеттің қарауысыз қалмайды», - деп сендірді А.Советов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді