• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет Қарағанды облысындағы құтқару жұмыстарына 1 миллиард теңге бөлді – ТЖК

Үкімет Қарағанды облысындағы құтқару жұмыстарына 1 миллиард теңге бөлді – ТЖК

16 Сәуір, 2015 13:12
Қарағанды облысының тұрғындарын апаттан құтқару мен оларға бірінші кезектегі медициналық көмек көрсету үшін облыс бюджетінен 1 миллиард теңге бөлінді, деді Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төтенше жағдайлармен күрес басқармасының бастығы Алексей Советов баспасөз-мәслихатының барысында.

«2015 жылдың 15-сәуірінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев аймақтағы су тасқынымен байланысты оқиғалар және оларға қатысты қолданылып отырған шаралар туралы селекторлық мәжіліс өткізді. Оның барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қарағанды облысындағы апаттан құтқару жұмыстары мен бірінші кезектегі медициналық көмек көрсету үшін  Үкімет  бюджетінен 1 миллиард теңге бөлуді тапсырды»,-деді А.Советов.

Оның сөзінше, республиканың су тасқыны қаупі бар аймақтарында тәулік бойы алдын алу шаралары мен құтқару жұмыстары жалғасуда.    

«Төтенше жағдайлар орын алған аймақтарда 5 мың 537 адам күні-түні жұмыс істеуде. Олардың арасында өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен қаржы полициясының қызметкерлері де бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға 1 мың 467 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ ауыр инженерлік техникалар да тартылып, олар уақытша суға қарсы тосқауылдар қою ісіне пайдаланылуда»,-деді А.Советов.

Бұған қоса 23-наурыздан бастап, бүгінге дейін 14 мың 322 метр уақытша су қорғайтын дамбалар салынды.

«Нұра өзеніндегі су көлемінің көтерілуіне байланысты Қарағанды облысының Бұқар жырау және Нұра аудандарындағы 20 елді мекеннен 7 мың 300 адам көшірілді. 10 мың бас мал қауіпсіз аймаққа айдалды. Құндыз бен Нұра өзендерінң бойында жару, және тосқауыл орнату жұмыстары жүргізілуде. Аймақта жалпы саны 14 мың 790 адам, ал соңғы тәулікте 854 адам көшірілді»,-деді басқарма бастығы.

 

 

Барлық жаңалықтар