• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» отандық HR мамандарының қызметтеріне бірнеше жылдан соң көшетін болады

«Самұрық-Қазына» отандық HR мамандарының қызметтеріне бірнеше жылдан соң көшетін болады

16 Сәуір, 2015 12:54
«Самұрық-Қазына» отандық HR мамандарының қызметтеріне бірнеше жылдан соң көшетін болады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директоры Дэниел Крюсберг қорды трансформациялау аясында өтіп жатқан адам ресурстарын басқару мәселесіне арналған X халықаралық конференция барысында.

«Бірнеше жылдан соң бізге шетелдік мамандарды шақырудың қажеті жоқ болады, өйткені біздің өзіміздің мамандарымыз болады. Ал бізде әлеует жеткілікті. Басты мәселе бірге жұмыс істеп, бір-біріміз туралы көп біліп, қолтықтасып жүру»,-деді Д.Крюсберг.

Ол сөзінде HR саласын транформациялауды сөз ете отырып, бизнес туралы да сөз ете кету керектігін сенімді түрде айтты.

«Бізге бизнес үшін қосымша баға қалыптастырып, бизнес-міндеттерді түсінуіміз керек. Біздің әкімшілік қызметіміз дұрыс жұмыс істеуі қажет іргетас, осы іргетас арқылы біз стратегиялық түсіністіктің құрылымын жасауымыз керек. Ол үшін білім мен әлеует болуы керек және бұл бағыттағы жұмыстар белгілі бір деңгейдегі жұмыс пен дамуды қажет етеді. Бізге стратегиялық құрылым жасаудан бұрын іргетасты дұрыс әрі сауаты етіп жасап алу қажет»,-деді ол.

Сонымен қатар Д.Крюсберг алдымен бизнес-трансформацияның не екенін түсініп алу қажеттігіне назар аударды.

«Бизнес-трансформация қажет, өйткені ол 2050 жылы қалай жетістікке жетуге болады деген мәселеге жол сілтейтін  компанияның көзқарасынан басталады. Қазақстан 2050 жылы әлемдегі дамыған елдердің бірі болуы керек. Әрине, біз Қазақстанның Орталық Азияда Сингапур сияқты елге айналғанын қалаймыз. Мұндай мақсаттың көкжиегі көріне бастағанда, біз оған қандай жолмен және қалайша қол жеткізетіндігімізді білуіміз керек»-деді HR маманы.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар