• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында ҮИИД МБ бойынша 2013 жылы 11 өндірістік нысанды жүзеге асыру жоспарланып отыр

Ақтөбе облысында ҮИИД МБ бойынша 2013 жылы 11 өндірістік нысанды жүзеге асыру жоспарланып отыр

9 Қазан, 2013 15:36
2013 жылы Ақтөбе облысында 1,0 мыңға жуық жұмыс орындарының ашылуымен жалпы сомасы 118,2 млрд.теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылы Ақтөбе облысында 1,0 мыңға жуық жұмыс орындарының ашылуымен жалпы сомасы 118,2 млрд.теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде бірінші жарты жылдықта сомасы 1,1 млрд.теңгеге 3 нысан пайдаланылуға беріліп, 150 жаңа жұмыс орны ашылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Қазақстанды индустрияландыру Картасына Ақтөбе облысынан жалпы сомасы 517,2 млрд.теңгеге 74 инвестициялық жоба енгізілді.

3,5 жыл ішінде (2010ж- 2013 жылдың бірінші жартыжылдығы) жалпы 189,4 млрд.теңге сомасына 67 жоба іске асырылып, 5,0 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

 

Барлық жаңалықтар