- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына 500 млн. теңге бөлінді
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына 500 млн. теңге бөлінді
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мақта өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге «Ырыс» шағын қаржы ұйымына 500 млн. теңге бөледі.
«Бұл – Қор мен «Ырыс» ШҚҰ арасындағы төртінші келісім. 2012-2014 жылдар аралығында Қор «Ырыс» ШҚҰ-на жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге үш рет қарыз берді. Шағын қаржы ұйымы бөлінген қаржыны толық игеріп, Қорға уақытылы қайтарды. Жүргізілген жұмыстың арқасында 1 865 адам несие алып, 2012 жылы – 11 665 га, 2013 жылы -11 743 га, 2014 жылы - 11 871 га жерге мақта егілді», - делінген хабарламада.
Өткен жылы Қор «Ырыс» шағын қаржы ұйымына несиелеу желісін ашып, 500 млн. теңге көлемінде 2 транш аударған болатын. Бұл қаржыға 517 түпкі қарыз алушы шағын несие алып, кесте бойынша қарызды толығымен қайтарды.
Шағын несиелер түпкі қарыз алушыларға жанар-жағар май, дән, пестицид, минералды тыңайтқыш, шаруашылық материалдар мен құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері мен толымдаушылар, жұмыс механизмдерін сатып алуға, техника, қоймаларды жалға алу, қызметтерге төлеу, өнімді сақтау және т.б. мақсаттарға беріледі.
Қарыз алушыларға келесі талаптар қойылады: төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен борышкерлігінің болмауы, жағымды несиелік тарихы, т.б. Кепілдеме шағын несиенің 100 пайызын қамтуы тиіс.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді