- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында алаңы 150 гектарды құрайтын КЭС ашылады
Жамбыл облысында алаңы 150 гектарды құрайтын КЭС ашылады
Ірі күн электр станциясы ағымдағы жылдың мамыр айында Жамбыл облысының Жуалы ауданында іске қосылады. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев «Бурное Солар-1» күн электр станциясының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Баламалы энергия көздерін пайдаланатын бұл нысан Орталық Азиядағы қуаттылығы 50 мегаватт болатын алғашқы күн электр станциясы болып табылады. Құрылыс жұмыстарына Еуропадан мамандар тартылып, «Samruk Kazyna — United Green» бірлескен кәсіпорыны да құрылған. Мұнда 192 мың энергия өндіретін күн панельдері қолданылады. Жобаның жалпы құны - 23,5 миллиард теңгені құрап отыр, бүгінде нысанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сонымен бірге, британдық инвестор «United Green» компаниясы жыл соңына дейін станцияның қуатын 100 мегаваттқа дейін арттыруды жоспарлауда. Бұл өз кезегінде 30 000 үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы баламалы энергия көздерін дамытуда және оны пайдалануда республика бойынша алдыңғы орында келеді. Аймақта осы салада 12 инвестициялық жоба әзірленуде.
Жамбыл облысының әкімі К. Көкрекбаев жұмыс сапары барысында ауданның су нысандарын аралады және ірі кәсіпорындарда болып, кәсіпкерлермен кездесті.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды