• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сайлау үдерісін байқаушыларға дауыс беру күніндегі іс-қимылдар туралы түсіндірілді

Сайлау үдерісін байқаушыларға дауыс беру күніндегі іс-қимылдар туралы түсіндірілді

16 Сәуір, 2015 11:26
Сайлау комиссияларының дауыс беру күніндегі қызметіне байланысты өткен семинар-кеңесте сайлау үдересін байқаушылардың дауыс беру күніндегі іс-қимылдары туралы түсіндірілді.

«Сайлауға кез-келген азамат келе алады және оның сайлау үдерісін бақылауға толық мүмкіндігі бар, бұл оның конституциялық құқығы, алайда азаматтарда сайлау туралы түсінік дауыс беруге келген күні қалыптасады. Барлық тұрғындар Президент сайлауының қаншалықты объективті түрде өткендігін білгілері келеді. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет біздің елімізден 2005 жылдан бастап, сайлаудың өтуін бақылап отыратын республикалық қоғамдық комиссия құрылып жұмыс істей бастады. Біз байқаушылар санын сайлау учаскелерінің санына жеткізуді көздеп отырмыз, яғни олар 10 мыңды құрауы керек. Бұл біздің басты мақсатымыз. Астанада біз барлық учаскелерді жабуымыз керек, сонда толық объективті көрініс пайда болады», - деді Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия өкілі Владимир Тельнов.

Оның сөзінше, аталмыш семинар байқаушылардың дауыс беру күніндегі іс-қимылдарына арналған.  

Осылайша семинардың мақсаты сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның миссиясы мен мақсаттары жөніндегі түсінік қалыптастырып, сайлауды байқау үдерісін жетілдіру болып табылады.   

Жиын барысында байқаушының дауыс беру күнінде атқаратын жұмыстары бүге-шігесіне дейін толықтай талданып, сайлау барысында қандай да бір кемшіліктер мен заң бұзу әрекеттерін байқаған жағдайда қалай әрекет етіп, миссия штабыман қалай байланысу керектігі айтылды.

Басты назар байқаушылардың сайлау учаскелеріндегі өзін-өзі ұстау этикасына  аударылды.

  

Барлық жаңалықтар