• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Ақтау теңіз айлағы» АЭА 2015 жылы құны 8 миллиард теңге болатын 6 жобаны іске қосады

«Ақтау теңіз айлағы» АЭА 2015 жылы құны 8 миллиард теңге болатын 6 жобаны іске қосады

16 Сәуір, 2015 14:49
«Ақтау теңіз айлағы» АЭА 2015 жылы құны 8 миллиард теңге болатын 6 жобаны іске қосады, деп хабарлады «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Әмірбек Төлегенов.

«2015 жылы біз құны 8 миллиард теңге болатын 6 жобаны іске қоспақпыз. Олар: «Достық Полимер», «ДСК-Ақтау», «Азерсун өндіріс пен логистика орталығы», «Пиетро фиоринтини Қазақстан», «ДСК-Қараойқұрылыс» "Медикал фарм «Ча-Кур» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Кәсіпорындарды іске қосуды біз қазан мен қараша айларына жоспарлап отырмыз.  2016 жылы біз 11 жобаны жүзеге асырамыз. Бұдан бөлек 2016 жылы іске қосамыз деп отырған тағы 2 жоба бар.  Олар: «Sirius Kazakhstan» ЖШС (темірбетон бұйымдарын шығару) және «Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС (құбыр шығаратын зауыт). Оларды біз биылғы жылы аяқтаймыз», - деді Әмірбек Төлегенов. 

Аймақ  әкімдігінің ақпараттары бойынша, «Sirius Kazakhstan» мен «Kazakhstan Pipe Traders» жобалары «Ақтау теңіз айлағы» АЭА» акционерлік қоғамының құрамына кіреді.   

Басқарма төрағасының сөзінше, бұл жобаларға бірден жер телімдері бөлінді. «Мамыр айында жалпы жер және құрылыс жұмыстары басталады. Алғашы өнімді біз желтоқсан мен қаңтар айларының бас жағында шығады деп күтудеміз. «Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС біз үшін өте маңызды жоба, оған салынған инвестиция көлемі 40 миллион долларды құрайды. Жоба іске қосылса, 100 жұмыс орны ашылады»,-деп қорытындылады сөзін Басқарма төрағасы.

 

 

Барлық жаңалықтар