- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаты Бразилия Үкіметіне «Нұрлы жол» бағдарламасын таныстырды
Сенат депутаты Бразилия Үкіметіне «Нұрлы жол» бағдарламасын таныстырды
Сапардың негізгі мақсаты – 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету, сондай-ақ, елдер арасындағы парламентаралық өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау болатын.
Сапар бағдарламасы аясында Б.Әйтімова Бразилияның Вице-Президенті Мишель Темермен кездесті және Бралилия Президенті Д.Руссеффтің атына 2017-2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдау және екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жолдауы табыс етілді.
Өз кезегінде, М.Темер жолдауға ризашылығын білдіре отырып, Қазақстанның ішкі саясатындағы тұрақтылық пен экономикасындағы жетістіктерді атап өтті және Президент Н.Назарбаевқа кезектен тыс өтетін президенттік сайлауда жеңіске жетуге тілектестігін білдірді.
Кездесу барысында саяси және экономикалық салалардағы екі жақты қатынастарының даму мүмкіндіктері де талқыланды. Жүздесушілер өңірлік және халықаралық саясат бойынша көптеген өзекті мәселелерде өз елдерінің ұстанымдары ұқсас екенін айтты және екі елдің әлеуетін ескере отырып, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды.
БФР Ұлттық Конгресі Сенатының Халықаралық қатынастар және ұлттық қауіпсіздік комиссиясының мүшесі, сенатор А.Амелиямен кездесу барысында өзара әріптестікті ілгерілетудің ерекше құралы болып табылатын парламентаралық үнқатысуды өрістетудің маңыздылығы атап өтілді.
Бұл кездесулерге, Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Ордабаев қатысты.
Кездесулер барысында бразилиялық тарапқа қазіргі таңдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі ережелері таныстырылды.
Атап айтқанда, Елбасы ұсынған еліміздің алдағы жылдардағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне күрделі өзгерістер енгізуге бағытталған институттық бес реформаның негізгі бағыттары жайында айтылды.
Кездесулер соңында Б.Әйтімова жүздесушілерді Қазақстанда жоспарланып отырған маңызды ішкі саяси және халықаралық іс-шаралар туралы хабардар етті. Бұл ретте 2015 жыл қазақстандықтар үшін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, еліміз Конституциясының 20 жылдығы атап өтетін жыл екендігі, сондай-ақ, VIII Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің бесінші Съезі сияқты халықаралық іс-шаралар болатыны атап өтілді.
Сондай-ақ, бразилиялық тарап Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырылды және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақыру алды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары