• Басты
  • ҰОС ардагері алматылық құтқарушыларға соғыс кезіндегі қиындықтар туралы әңгімеледі
16 Сәуір, 2015 18:38

ҰОС ардагері алматылық құтқарушыларға соғыс кезіндегі қиындықтар туралы әңгімеледі

Алматы қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №2 өрт сөндіру бөлімінде Ұлы Отан соғысының ардагері полковник Михайлов Григорий Павлович қонақта болды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
ҰОС ардагері алматылық құтқарушыларға соғыс кезіндегі қиындықтар туралы әңгімеледі

Өрт сөндіру бөліміне біздің ардагер көтеріңкі көңілмен келіп, өрт сөндірушілерді рухтандырып, өзінің өмірі туралы айтып берді.  Ол 1925 жылы 25 қазанда Новосибирск облысы Куйбышев ауданы Многозерка ауылында дүниеге келген.

1942 жылы Многозерка ауылындағы 7 жылдық мектепті оқып тамамдайды.Сол жылы Сталин атындағы совхозда тракторшы болып жұмыс жасап, еңбек үздігі атанған. 1944 жылы өз жасына екі жас қосылып Қызыл Әскер қатарына алынады. 1945 жылы наурыз айында Ярослав танк училищесін аяқтаған, оны аяқтаған соң танк взводының командирі болып тағайындалып, Қиыр шығысқа жөнелтіледі. Квантун армиясы құрамында Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан.

Григорий Павлович Алматы қаласы ТЖД қызметкерлеріне соғыс кезінде бастан кешірген қиындықтары мен еңбекетерін баяндап берді. 1945-1954 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасында қызмет етіп, 1958 жылы Бронетанкті әскер академиясын тамамдаған.

Одан кейін біздің ардагер 1958-1978 жылдар аралығында әр түрлі әскери училищелерде оқытушы болып қызмет атқарған және студенттермен өзінің өмірлік тәжірибелерін бөліскен. 1979 жылы Михайлов Г.П. зейнетке шығады.

1979-1995 жылдар аралығында Азаматтық қорғау штабында жұмыс жасаған. Ең соңғы рет Алматы қаласы «Отырар» қонақ үйінде Азаматтық қорғау штабының бастығы болып қызметі атқарған. Жалпы саны 32 медаль иеленген, оның ішінде «Отан соғысының» екі орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік жетістігі үшін», «ҰОС Жапонияны жеңгені үгшін», Қытай Халық Республикасы және Моңғол Халық Республикасы медальдарымен марапатталған.

Құтқарушылар  Григорий Павловичті Жеңісі үшін алғыс айтып, келе жатқан мейраммен құқттықтай отырып, сыйлық берді. Ардагер де көңіл бөліп келегені қызметкерлерге алғысын айтты.

 

Барлық жаңалықтар