- Басты
- Жаңалықтар
- «Жәрдем» пойызының мамандары 3 мың адамға медициналық көмек көрсетті
«Жәрдем» пойызының мамандары 3 мың адамға медициналық көмек көрсетті
2015 жылғы 23 наурыз бен 13 сәуір аралығында «Жәрдем» консультациялық-диагностикалық пойызының дәрігер-мамандары Ақтөбе және Қызылорда облыстарының шалғайдағы ауылдары, кішкентай станцияларын аралады.
Үш аптаға созылған емхана жұмысын санмен көрсетер болсақ, нәтижесі қомақты екені көрініп тұрады. Аталмыш кезең аралығында білікті мамандар көмегіне 7 станцияның тұрғындары жүгініп, 20 мыңнан аса тұрғын дәрігерлердің қабылдауында болды. 10 мыңға тарта диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, 169 шағын амбулаториялық операциялар жүргізілді. Бір мыңнан астам әйел гинеколог маманның қарауында болып, 600-ден астам қаралушыға стоматологиялық көмек көрсетілді.
Сандар ғана емес, маңыздылығы да назар аударуға тұрарлық. «Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлері көшпелі жағдайларда да қауіпті ауруларды анықтады. Тамды станциясында 1 жасар балаға тумысынан жүрек ақауы диагнозы қойылып, жүрек қарыншасы аралығындағы кемістік анықталды. Сондай-ақ бір жеткіншекте жыныстық жетілу бөгелісі, басқасында тумысынан ихтиоз анықталды.
Медициналық пойыздың аға дәрігері Ермек Самбаевтың пікірі бойынша ауруларды анықтау бойынша эндоскопист дәрігер қазіргі заманға сай аппаратымен нәтижелі жұмыстар атқарды. Ішек-қарын жолын тексеру кезінде асқазан ісігі, ұлтабар жарасы сияқты диагноздар анықталды. Дәрігер талдауға биопсия алып, бірден әрі қарай тереңдетілген тексеру жүргізу үшін жергілікті дәрігерлермен байланысқа шықты. Сондай-ақ басқа да хирургиялық және урологиялық аурулар анықталды: Тамды станциясында 3 қаралушының өт қабында тас жиналған болса, 1 ер адамда қуық безінің ұлғаюы анықталды. Жедел ем тағайындалды.
Қашықтағы станцияларда болса да медициналық пойыздың дәрігерлері өздерін ғылыми орталықтардан тысқары сезінген жоқ. Спутниктік байланыс Интернет жұмысын тәулік бойы қамтамасыз етті. Қажет болған жағдайда ауыр диагноздар бойынша кеңес алу үшін ірі ғылыми орталықтармен кез келген уақытта телемедициналық конференция өткізуге мүмкіндік болды. Алайда, бұл жолы мұндай қажеттілік туындаған жоқ.
«Жәрдем» медициналық пойызының үздіксіз жұмыс жасауы үшін Ақтөбе облысының ТЖ департаменті алдын ала өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қарастырды. Поездың қозғалыс маршруты бойынша станцияларда өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы арасынан кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы да бақылауда болды.
«Жәрдем» пойызының дәрігерлер бригадасы үш апталық жұмыстарын аяқтады. Пойыз депоға кетті. Алда аздаған үзіліс. Ал бір аптадан соң – көмекке зәру жандарға аттану үшін бекітілген кестеге сәйкес сапарлар күтуде. Жәрдем деп аталуының сыры да осында болса керек.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді