• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО елдерінің ветеринарлық органдары СФС-шараларын жүргізудің өзара жұмыс істеу тәртібінің жобасы жасақталды

ЕАЭО елдерінің ветеринарлық органдары СФС-шараларын жүргізудің өзара жұмыс істеу тәртібінің жобасы жасақталды

16 Сәуір, 2015 10:08
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің ветеринарлық органдарының санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шараларын (СФС-шаралары) уақытша енгізу аясында өзара жұмыс істеу тәртібі жобасын талқылады.

«Құжат Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді одан ары дамыту аясында жасақталды және Одаққа мүше мемлекеттердің СФС-шараларын уақытша енгізу аясында Келісімге сәйкес өзара қарым қатынасының алгоритмін анықтайды», - делінген ЕЭК-тың хабарламасында.

Өзара қарым  қатынас тәртібін 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында қабылдау жоспарлануда.

Келелі кеңесте қол жеткізілген келісімдерді есепке ала отырып жоба құжатын одан ары жетілдіру және оны Тараптардың уәкілетті органдарының қарауына жіберу керек деген шешім қабылданды. 

 

 

Барлық жаңалықтар