- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Абай ауданы мен Курчатов қаласы жемқорлықтан ада аймақ статусына ие болу туралы меморандум түзілді
ШҚО-да Абай ауданы мен Курчатов қаласы жемқорлықтан ада аймақ статусына ие болу туралы меморандум түзілді
Бұл құжат мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті және «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ-ы мен Абай ауданы мен Курчатов қаласының әкімдігі арасында бекітілді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформасында белгіленген мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жемқорлықпен күресте күш біріктіру мақсатында аталмыш құжат бекітіліп отыр.
«Елбасының тапсырмасы аясында алдағы белестерді бағындыру үшін қол қойылған меморандум бізді жемқорлыққа қарсы нақты іске көшуге міндеттейді. Меморандум арқылы біз жемқорлықпен күресті жан-жақты жүргізетін боламыз, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Департамент басшысы Ғалымбек Досанов өз сөзінде меморандумды жүзеге асыру үшін аталған өңірлермен бірлескен шаралар жоспары әзірленетінін айтып өтті.
«Департаменттің ең бірінші міндеттерінің бірі – жемқорлықтың алдын-алу. Абай ауданы мен Курчатов қаласының әкімдіктері мен қоғамдық ұйымдарымының белсенділігін біз бірден қолдадық. Айта кету керек, Абай өңірі Республикаға әйгілі рухани ордамыз десек, Курчатов қаласы бүгінгі күні ғылымы дамыған бірегей қала. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы арнайы жоспар құрып, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Ғ.Досанов.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер