- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай дарынды жастардың фестивалі өтті (ФОТО)
Көкшетауда Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай дарынды жастардың фестивалі өтті (ФОТО)
Ақмола облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың хабарлауынша, шараның мақсаты дарынды жастардың адами, шығармашылық және мәдени жетістіктерін сақтап, жетілдіру және жастар бойында азаматтық белсенділік пен патриотизмді қалыптастыру болып табылады.
Фестиваль өткен 3 күн ішінде 300-дан астам талантты жастар би, ән, шешендік өнер сияқты өзге де жанрлар бойынша өзара тартысқа түсті. Фестивальға 5 жоғары оқу орны мен 12 техникалық және кәсібіи білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. «Студент көктемі-2015» фестивалінің ақтық сайысы үздік шығармашылық ұжымдар өнер көрсеткен гала-концерт болды.
Іс-шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов фестивальдің барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтады. «Мен біздің облысымызда осындай жарқын, ерекше дарынды тұлғалардың бар екендігін мақтан тұтамын. Біздің басты мақсатымыз жастар мен студенттік шығармашылық ұжымдарды қолдау, олардың энергиялары мен өздерін әрі қарай дамытуға деген құлшыныстарын сақтап қалу, олардың бойындағы дарынын шыңдап, өсуіне жол ашу»,-деді әкімнің орынбасары.
Фестивальдің әділқазылар алқасының құрамында облыстың мәдениет саласының майталмандары мен қоғам қайраткерлері бар. Фестивальдің барлық жеңімпаздары мен дипломдармен, естелік мүсіндермен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы