- Басты
- Жаңалықтар
- «Атамекен» ҰКП Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпақтар алғысы» атты әлеуметтік жобаның басталғандығын жария етті (ФОТО)
«Атамекен» ҰКП Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпақтар алғысы» атты әлеуметтік жобаның басталғандығын жария етті (ФОТО)
ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, жоба бірмезгілдік акция емес және науқандық шара да емес. Әлемдегі ең қанқұйлы соғыстың ардагерлерінң саны күн өткен сайын азайып бара жатқандығын ескере отырып, кәсіпкер азаматтар олардың нақты тұрмыстық мәселелерін шешіп беруге бел буып отыр.
«Ұлттық палата елдің бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, ҰОС ардагерлерінің өміріне араласып, оларды қолдағылары келеді және бұл бағыттағы жұмыстар бірмезгілдік немесе уақытша шара болмауы керек. Сондықтан да біздің «Ұрпақтар алғысы» атты әлеуметтік жобамыз ұзақмерзімді. Оның аясында кәсіпкерлер ардагерлердің өмірін шартты түрде алғанда бақылауға алып, оларға қажетті қаржылық және өзге де көмектерді көрсетіп отырады»,-деді Н.Әлтаев.
Сонымен қатар ұлттық палатада 59-79-60 нөмірі бойынша «жедел желі» ашылып, ардагерлер осы телефонға қоңырау шалып, өздерінің проблемалары туралы палата өкілдерін хабардар етіп, мәселесін шешіп беруді сұрай алады.
«Аталмыш желі бойынша келіп түскен барлық талап-тілектер тіркеліп, бизнес-қауымдастық өкілдеріне жолданады»,-деді Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары.
Өзінің әріптестерінің бастамасын «Астаналық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ханзада Балғабаева да қолдап, өзі басқарып отырған ұйымның ардагерлерді қамқорлығына алатындығын мәлімдеді. Оның айтуынша, кез-келген соғыс ардагері Астананың ең мықты деген шаштараздарының қызметін пайдалана алады. Қажет болғанда шаштараздар ардагерлердің үйлеріне барып та қызмет көрсетеді. «Бұл біздің ардагерлер үшін жасаған аз ғана жақсылығымыз және осы бастаманы менің өзге әріптестерім де қолдайды деген сенімдемін»,-деді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай еліміздің аймақтарындағы кәсіпкер азаматтар ҰОС ардагерлеріне түрлі деңгейде көмек көрсету шараларымен айналысуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері