- Басты
- Жаңалықтар
- ШЫҰ мүше мемлекеттердің оқу-жаттығулары төтенше жағдайларға қатысты әрекет жүйесін нығайтады – Ермекбаев
ШЫҰ мүше мемлекеттердің оқу-жаттығулары төтенше жағдайларға қатысты әрекет жүйесін нығайтады – Ермекбаев
«Күн тәртібіндегі басты тақырып ретінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы тұру саласында көпжақты ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Делегация басшыларының сөздерінен соң ШЫҰ-ның Аймақтық терроризмге қарсы күрес құрылымы басшылығының 2014 жылдың екінші жартысы мен 2015 жылдың алғашқы тоқсанында атқарған жұмыстарына қатысты баяндама тыңдалды»,-делінген хабарламада.
Шығып сөйлеушілер өз мемлекеттеріндегі құзырлы органдар тарапынан қолданылып отырған ШЫҰ аясындағы және есірткінің заңсыз айналымымен, трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен, киберқылмыс пен кибертерроризммен күреске қатысты шаралар туралы хабарлады.
Қазақстандық делегацияның басшысы, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев өзінің баяндамасында әріптестерін ШЫҰ 2025 жылға дейінгі дамыту стратегиясының жобасын келісуді жеделдетуге шақырды. Сондай-ақ ол осы жұмыс барысында басты назарды діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске, экстремистік көзқарастармен идеяларға әсіресе жастар арасында қарсы үгіт жүргізуге, есірткі бизнесімен күрес саласындағы ынтымақтастыққа аударуға шақырды.
Қазақстандық делегация басшысы Қазақстанда маусым айында өткізілуі жоспарланып отырған ШЫҰ мүше мемлекеттердің құтқару қызметтерінің халықаралық оқулары азаматтық қауіпсіздікке төтенше жағдайда шара қолдану жүйесін нығайтуға айтарлықтай үлес қосатындығына сенім білдірді. Мәскеудегі кездесудің ерекшелігі жиынның пленарлық отырыстарына ШЫҰ байқаушы мемлекеттері болып табылатын Ауғанстан, Үндістан, Иран, Моңғолия, Пәкістан сияқты мемлекеттердің қауіпсіздік қызметінің өкілдерін қатыстыру болды.
Жиын барысында аталмыш тәжірибені болашақта да қолдану қажеттігі жөнінде пікір білдірілді.
Аталмыш шара басталардан бұрын оған қатысушы мемлекеттердің делегация басшыларын Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қабылдады. Кездесу аясында Н.Ермекбаев ауғанстандық, қырғызстандық, ресейлік, және тәжікстандық әріптестерімен екіжақты консультациялар өткізді.
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты