- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада инклюзивті білім беруді дамытуды қолдау мақсатында қайрымдылық шарасы ұйымдастырылды (ФОТО)
Астанада инклюзивті білім беруді дамытуды қолдау мақсатында қайрымдылық шарасы ұйымдастырылды (ФОТО)
«Біз ұйымдастырған көрменің мақсаты қалың көпшіліктің назарын Қазақстандағы аутикалық бұзылу түрінен зардап шегетін балаларға инклюзивті білім беруге аудару. Яғни біз «Барлау Өндіру Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамының қаржылық қолдауы арқылы Астанада № 23 мектептен аутизмі бар балалар оқитын алғашқы бақылау сыныбын іске қосуға мүмкіндік алдық. Олар өзге балалармен бірге білім алады, оларды міндетті түрде тьюторлар алып жүреді. Яғни оларда әлеуметтенуге мол мүмкіндіктер бар»,-деді көрменің ұйымдастырушысы Әлия Әбдібаитова.
Іс-шараның аясында «Өзгелермен бірге болғым келеді» атты тақырыпта фотокөрме ұйымдастырылып, онда жас фотосуретші Артур Ыдырысовтың аутизмі бар балалардың мектептегі оқу үдерісі бейнеленген туындылары ұсынылды.
«Балалардың барлығы олардың дене және интеллектуалдық еркшеліктеріне қарамастан білім алуға құқылары бар, яғни бәрін түзетуге болады, бәріне көмек қажет. Осы көрме арқылы біз осы бағыттағы жұмыстардың барлығын істеуге болатындығын көрсеткіміз келді»,-дейді Ә.Әбдібаитова.
Еске сала кетейік, Астанада аутизмі бар мектеп жасындағы 150 бала өмір сүріп жатыр.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиев
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде