• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД байқаушылары сайлау комиссияларының жұмысын зерделеуді жалғастыруда

ТМД байқаушылары сайлау комиссияларының жұмысын зерделеуді жалғастыруда

15 Сәуір, 2015 18:43
ТМД мемлекеттерінен келген ұзақмерзімді байқаушылар Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына дайындық бойынша сайлау комиссияларының жұмыстарын зерделеуді жалғастыруда, деп хабарлады ТМД байқаушылары миссиясының штабынан.

«Миссия мүшелері Алматы қаласы мен Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарының аймақтық сайлау комиссияларының учаскелерін аралап, сайлаушылардың тізімдерін нақтылау жұмыстарымен танысты. Байқаушылар комиссия өкілдерінің тиісті әдістемеліктермен, ақпараттық материалдармен және техникамен қамтамасыз етілгендіктерін айтты»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада сайлау науқанына жүргізілген мониторинг жұмыстарының аясында миссия өкілдерінің алдында аталған аймақтардың Президенттікке кандидат азаматтардың сайлауалды штабтарының басшыларымен кездескендігі айтылған.   

Байқаушылар ҚР Орталық сайлау комиссиясының барлық мәжілістеріне қатысып, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін ұйымдастырылған оқыту семинарларын көруде. 2015 жылдың 15-ші сәуірі күні олар Алматыда өткен осындай семинарға қатысты.

Сонымен қатар, миссия өкілдері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия басшылығымен кездесті. Миссия мүшелері комиссияның ұйымдастырылу және ұлттық байқаушыларды дайындау мен таңдау жұмыстарымен танысты. Миссияны қалыптастыру жұмыстары аяқталуға таяу.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне ТМД-ның 375 байқаушысын тіркеу жөнінде тиісті құжаттар ұсынылған. Байқаушыларды тіркеу 2015 жылдың 20-сәуірінде аяқталады.    

   

Барлық жаңалықтар