- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов Атырау жұртшылығымен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов Атырау жұртшылығымен кездесті
Жұртшылықпен кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов атап өткендей, бүгінде экология ғылымына биологияның бір саласы деп қарамай, оған әлдеқайда тереңнен бойлау қажет. Экология адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналуы тиіс.
«Жер жүзінде адам пайда болып, оның өркениеті өскен сайын, биосфера эволюциясында жаңа - антропогендік фактор іске қосылды. Адам биосфераны жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалана бастады.
Алайда, қоршаған ортаны қаншалықты өзгертуге тырысқанымызбен, Жер бетіндегі тіршілік табиғаттың қатаң заңына бағынып дамиды. Сондықтан, адамзат өркениеті тұрақты даму үшін осы заңдар мен қағидалардан ауытқымауы керек.
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру - адамның Жер бетіндегі өмір салтының негізгі қағидасы», - деп атап өтті Әбілғазы Құсайынов.
Оның айтуынша, ғылым, техника мен технологияның сапалы жаңа байланысын қалыптастырған ХХ ғасыр қоғамның табиғатқа әсер ету күшін арттырып, адамзатқа бірқатар өзекті әрі өткір міндеттер жүктеді.
Сол себепті, Ә.Құсайыновтың пікірінше, табиғат қойнауын тиімді әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың жоспарлы жүйесін енгізу әр азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс.
Ә.Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасының тағы бір маңызды бағыты - өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері.
Кандидаттың айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік дегеніміз - өнім мен өндірістің қауіпсіздігі туралы, көп деңгейлі стандарттау мен сертификаттау туралы техникалық регламенттерді, нормаларды қатаң ұстану.
«Менің мақсатым - осы нормалардың ашық және дұрыс орындалуына қол жеткізу.
Қауіпті өндіріспен айналысатын барлық ұйымдар өз жұмысшыларының, нысандары мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне жауапты болы керек.
Барлық кәсіпорындар өз жұмыстарын қоршаған ортаға ықпалы мейілінше аз болатындай етіп жүргізулері керек», - деп қорытты Әбілғазы Құсайынов.
Сонымен қатар, қала жұртшылығы алдында аймақтық штаб жетекшісі Садыржан Жекенов сөз сөйледі.
С.Жекенов экологиялық түйткілдердің өзектілігіне тоқталып, экологиялық проблемаларды дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті.
«Біз туындаған экологиялық сын-қатерлерге дер кезінде тойтарыс беріп, қоршаған ортаның ластануы, су мен топырақтың құнарсыздануы сынды мәселелерді тез арада шешуіміз керек. Ең бастысы, бұл проблемалардың туындауына жол бермеу маңызды. Бұл жерде азаматтардың өзі де саналы түрде түсіністік танытулары қажет.
Сонымен қатар, экологиялық-ағартушылық қызметке де ерекше назар бөлген жөн.
Біз экология туралы білімді, қауіпсіз әрі экологилық таза ортада өмір сүру қағидаларын, табиғат пен адамзатты қоршаған айнала туралы білімді қоғам санасына сіңіре білуіміз керек», - деп атап өтті С.Жекенов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар