• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚКХП ұсынған кандидат Т. Сыздықов «Астанагазсервис» ЖШС ұжымымен кездесті

Астанада ҚКХП ұсынған кандидат Т. Сыздықов «Астанагазсервис» ЖШС ұжымымен кездесті

15 Сәуір, 2015 18:24
Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов «Астанагазсервис» ЖШС жұмысшылары ұжымымен кездесті, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды.

Алдымен, ол Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік ілім мен прогрессивті қоғамдық ойларға негізделіп құрылғанын атап өтті.

«Біз қоғамдық дамудың біртұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизмнің ғылыми және идеологиялық негіздеріне сүйеніп қызмет атқарамыз.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет» - делінген Т. Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Сонымен қатар, Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының тағы бір қағидаты - батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында мәселе көтерді.

«Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда», - деп атап өтті өз сөзінде.

Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады.

Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Адамның психикасы мен денсаулағына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар.

Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Өз ата-аналарын құрметтеуден бас тартып, қариялардың балаларымен, немерелерімен байланысы үзіледі.

Т.Сыздықовтың ойынша, жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі.

«Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындағын батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде», - делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.

Батыс қоғамында жастарды тәрбиелеуде жанұялық-туысқандық және ұлттық ерекшеліктер ескерілмейді. Ересек жасқа жетісімен батыс жастары ата-аналарын тастап өз алдарына табыс тауып және жеке өмірлерін құруға кіріседі. Осылай ұрпақтың бір бірімен байланысы үзіліп, рухани-моралдық құлдырауға ұшырайды.

Өзара көмек және қайырымдылық деген батыс қоғамында әлсіздікті және аяққа тұра алмағандықты білдіреді, ал өмірде қиын жағдайға тап болған адам олардың көзінде бейшара халге түсіп, дереу өмірлік жарыстан шығып қалады.

Сондықтан батыс қоғамында жетістікке жетудің теориясы қатаң қолданылады. Барлық қадамдар қалай да жетістікке жетуге бағытталған. Кез келген жеңіліс адамды бірден құзға итермелеп адамға айықпас ауыр соққы болып тиеді. Қатігездік, бейтараптық пен сатқындық жетістікке жетудің басты міндеттеріне айналған. Оның алдында құндылық, жанұя және денсаулық құрбандыққа шалынады.

Қалғандары сабырлықты есірткі заттарынан, алкогольден, интернет-шындықтарынан, ызаға толы фильмдерден, компьютерлік ойындардан, фаст-фудтан және генді-модификациялық өнімдерден іздейді. Бұл өнімдердің кез келгені адам денсаулығына есірткідей әсер етіп, адам ағзасының күйреуіне бой алдыруына және үнемі күйзелістікке ұшыратады.

Батыс адамының барлық әрекеттері тек өзінің жағдайын жасауға ғана бағытталған. Адам әлеуметтен тыс, шығармашылық және тиімді еңбекке ұйымдаса алмайтындығы бұрыннан белгілі бола тұра, қоғам ағымнан тысқары қалуда.

Жалпыға бірдей теңдікке ұмтылу кері әсерін тигізуде, адамдар жеке тұлғаға тән қасиеттерін жоғалтуда. Ата-аналар өздерін әке немесе ана деп айта алмайды, жай ғана сандық ретпен белгіленеді», - деп атап өтті Т.Сыздықов.

Кездесу соңында президенттікке кандидат Т.Сыздықов жиналғандардың кейбір сұрақтарына жауап берді және өзінің сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті.

Сондай-ақ кездесу барысында кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоңыров жиналған жұртты сайлауалды штабтың жұмысымен таныстырды.

«Біздің штабтарымыз кандидатты қолдау бойынша қажетті ақпараттық және үгіт жұмыстарын жүргізуде. Олар насихат материалдарын тарату және халықпен кездесуді ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда».

Барлық жаңалықтар