• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Маңғыстау облысы кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті

Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Маңғыстау облысы кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті

15 Сәуір, 2015 18:13
Бүгін, 2015 жылдың 15 сәуірінде ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Маңғыстау облысына барды, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.

Сапар барысында облыс активі мен медицина қызметкерлері,  өңір кәсіпкерлері және «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Ақтау халықаралық  теңіз сауда айлағы» АҚ ұжымымен кездесті.

Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед,  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Азаматтық альянстың президенті Артур Платонов, ҚР Парламенті депутаттары мен мәдениет және спорт өкілдері бар.

Н.Жантөрин атындағы  облыстық музыка драма театрында  Маңғыстау облысының активімен кездесу өтті. Өз сөздерінде Маңғыстаулықтар  Елбасының өңірдің дамуына қосқан үлесін айтып өтті.

ҚХА мүшесі, «Халықтық келісім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев облыс тұрғындары Президентке әрқашан қолдау көрсететіндерін жеткізді.  

«Қазақ  – бұл 140 ұлттың басын қосып, бір шаңырақ астында айрандай ұйытып отырған  дана халық. Бейбітшілік пен келісім – бұл тыныштықты сақтайтын мәңгілік кепілдік.  20 этномәдени орталықтан тұратын  «Халықтық келісім» қоғамдық бірлестігі мен Маңғыстау өңірі Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімді қолдау көрсетеді», - деді Ю.Шахшаев.

РҚШ мүшелері Атырау теңіз айлағының ұжымымен кездесті. Жұмысшы Эйбат Хантеміров келген қонақтарға Н.Назарбаевқа өз  халқына жасап отырған жақсылығы үшін алғыс айтуды тапсырды.

«Мен Маңғышлаққа 77 жылы келдім. Бұл жерде отбасын құрып, бала сүйдім. Осылай мені Қазақстанмен тағдыр түйістірді. Мен бұл жерде 20 жылдан бері жұмыс істеудемін. Менің ұлым Байтино портында жұмыс істейді. Бұл елде менің отбасым бақыт, тыныштық пен келісімге ие болды. Мен әрбір қазақстандықты өзіне, өзінің болашағы мен елдің гүлденуіне дауыс беруге шақырамын», - деді ол.

Сондай-ақ, РҚШ мүшелері Облыстық қан орталығында медицина қызметкерлерімен кездесті.

«Мен перинаталды орталықта жұмыс істеймін. Еңбек өтілім 15 жыл, жансақтау бөлімінде. Мен денсаулық сақтау саласындағы қиындықтарды өзім арқылы сезіндім. Ол кезде ауруханаларда күнделікті жұмыста қолданатын заттардың өзі  тапшы болатын.  Науқастарға қандай көмек көрсету қажеттігін білесің бірақ, қажетті дәрі-дәрмектердің жоқтығынан медициналық көмек қажетті деңгейде және уақытында көрсетілмейтін. Бірақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған  «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында азаматтардың денсаулықтары басым бағыт ретінде көрсетілді. Оның нәтижесі көп күттірген жоқ. Медицина қауымдастығы аз ғана уақыттың ішінде ауқымды өзгерістерді сезіне бастады»,-деді  облыстық перинаталдық орталықтың реаниматологы Аймет Мұхаметов.

Кардиолог-дәрігер Жеңіс Қозыбаев болса, Елбасына «Болашақ» бағдарламасы үшін ерекше алғысын білдірді.

«Президенттің «Болашақ» бағдарламасының арқасында маған «Бакулевск» институтында «кардиохирургия» мамандығы бойынша білім алуыма мүмкіндік туды. 2006 жылы мен Мәскеуге келіп, біздің тобымызда Молдова, Грузия, Армения, Ресей, Кот-д-Ивуар сияқты өзге де бірқатар мемлекеттердің жастары болды.

Кездесу барысында біз оларға жастардың әлемнің жетекші деген білім ордаларында оқуға мүмкіндік беретін Президентің «Болашақ» бағдарламасы туралы айтып бердік. Олардың барлығы да Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің халқының зор болашағы үшін инвестиция салып отырғандығына таң қалды»,-деді өзінің сөзінде Ж.Қозыбаев.   

РҚШ мүшелері сонымен қатар аймақтың кәсіпкерлері мен «Ақтау желі зауыты» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Олар Мемлекет басшысының атына Маңғыстау облысын қолдағаны үшін алғыстарын білдірді.

Өңір тұрғындары 26- сәуір күні өздерінің Ұлт Көшбасшысына дауыс беретіндіктерін, өйткені Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі екендігін айтты.

Барлық жаңалықтар