ҚР-да 2013 жылдың 9 айында 135 мыңнан астам тұрғын үй саудаланған

9 Қазан, 2013 15:09
Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында тұрғын үй саудасы бойынша 135 мыңнан астам келісім шарт жасалған, деп хабарлайды Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«2013 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында саудаланған тұрғын үйлердің саны 135 289-ға жетті», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тұрғын үй саудасының тіркелген келісім шарттар саны 16 945. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2%-ға жоғары.

Ал 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында тұрғын үй саудасы келісім шарттары өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 29,7 пайызға өскен.

 

 

Барлық жаңалықтар