ҚР Президенті бірқатар заңдарға қол қойды

15 Сәуір, 2015 16:41
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»,  «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралышартты ратификациялау туралы»,  «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралышартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына  қол қойды.

Барлық жаңалықтар