• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Бижанов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V Съезіне буддашылар мен даошылар ассоциацияларының жетекшілеріне шақыруды табыс етті

А.Бижанов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V Съезіне буддашылар мен даошылар ассоциацияларының жетекшілеріне шақыруды табыс етті

15 Сәуір, 2015 19:47
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов Бейжіңде ҚХР Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқарманың бастығы Ван Цзоанмен кездесті. Кездесуге сонымен қатар Қытай даошылары, буддашылары және мұсылмандар ассоциацияларының жетекшілері қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында А.Бижанов 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V Съезіне буддашылар мен даошылар ассоциацияларының жетекшілеріне шақыруды табыс етті.

А.Бижанов Қытай буддашылары, даошылары және мұсылмандар ассоциацияларының жетекшілерінен тұратын қытай делегациясының Съезге қатысуы дәстүрлі қытай конфессияларының ізгі ниеті мен өркениетаралық және дінаралық үнқатысуды белсенді түрде жаһандық деңгейде  ілгерілетуге ұмтылысын көрсетеді, деп атап өтті. Сенатор алдағы Съезд «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы үнқатысуы» тақырыбы бойынша өтетіні туралы хабардар етті.

Ван Цзоань Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V Съезіне қатысуға шақырғаны үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдірді және мәдениет пенөркениеттің жаһандық үнқатысуын ілгерілету жөніндегі беделді халықаралық алаңға айналған осы Форумды өткізу туралы Президенттің бастамасының маңыздылығын атап өтті.  

Қытай жағы екіжақты ынтымақтастық пен достық байланыстардың әлеуеті бұдан былай Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы өркениетаралық және дінаралық үнқатысудың даму қарқынымен байи түсетіне сенім білдірді.

Сенатор А.Бижанов, Қазақстан Республикасы –Қытай Халық Республикасы парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Қытай Компартиясы Орталық Комитеті Халықаралық бөлімі жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы-Қытай Халық Республикасы парламентаралық ынтымақтастық тобы жетекшілерінің бірі Чэнь Фэнсянмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар екі елдің парламентаралық үнқатысуын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

 

Барлық жаңалықтар