• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2,262 млрд долларды құрады

ҚР-ның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2,262 млрд долларды құрады

15 Сәуір, 2015 16:31
ҚР-ның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2,262 млрд долларды құрады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов ОКҚ брифингінде.

«Қаңтар-ақпан айларында республиканың ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2,262 млрд долларды құрады, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстарғнда 19,3 пайызға төмен. Экспорт 539 млн долларды құрады, импорт 12,9 пайызға төмендеп, 1 723 млрд долларды құрады», - деді Ә.Смайылов.

Жалпы, соңғы 5 жыл ішінде ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 53 пайызға жоғарылады. Оның ішінде ЕАЭО елдерімен экспорт көлемі 45 пайызға жоғарылап, импорт 56 пайызға өсті.

«Егер де Ресей Федерациясын алатын болсақ, бұл жерде Қостанай облысындағы темір рудасымен байланысты, себебі экспорт көлемі азайды. Сондай-ақ, «Қазатомпром» тарапынан табиғи уран экспортының көлемі де төмендеген. Павлодар облысынан электр энергиясының көлемі, Қарағандыдан тас көмір экспорты азайған. Бұл РФ экономика сұранысы мен РФ экономика дамуының жылдамдығымен байланысты», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар