- Басты
- Жаңалықтар
- Германияда Қазақстан экономикасының күні өтті
Германияда Қазақстан экономикасының күні өтті
«Қазақстан-2050» Стратегиясында және «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясатында қойылған мәселелерді жүзеге асыруға арналған осы шараға Бундестаг депутаты Карин Штренц, Мекленбург-Алдынғы Померания Федералдық жерінің Экономика, құрылыс және туризм министрлігінің статс-хатшысы Штефан Рудольф, ҚР ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов және Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ханс Тон қатысты.
Қазақстандық дипломат өз сөзінде «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты аясында герман бизнесі үшін Қазақстандағы мүмкіндіктер туралы баяндап берді. Қазақстан мен Германия арасында әртүрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндіктер пайда болғандығы аталып өтті.
Бундестаг депутаты К. Штренц екі ел арасындағы белсенді әрі сенімді саяси сұхбатты және қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығының жақсы әлеуетін атап өтті. Өз кезегінде, Х. Тон осындай форумдардың маңыздылығын және өңіраралық сұхбаттың тұрақты дамуын атап өтіп, ү.ж. шілде айында Мекленбург-Алдаңғы Померания Федералдық жері экономикалық делегациясының Қазақстанға жоспарланған іс-сапары туралы мәлім етті. Ш. Рудольф аталған сапардың мақсаттарымен және басымдықтарымен таныстырып, неміс компанияларының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.
Жалпы форумда жаңартылатын энергия көздері, логистика, азық-түлік өнеркәсібі, денсаулық сақтау, «дуалды» білім беру және туризм секілді екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»