- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының тауарлары мен қызметтерінде жергілікті қамту 67 пайызды құрады
Қарағанды облысының тауарлары мен қызметтерінде жергілікті қамту 67 пайызды құрады
«Біз бүгін жергілікті қамту үлесін арттыруда жақсы жетістікке қол жеткіздік. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындар 400 миллиард теңгеге тауарлар сатып алды, ал аймақтағы тауарлар мен қызметтердің, атқарылған жұмыстардың арасында қазақстандық қамту 290 миллиард теңгені немесе 67 пайызды құрады»,-деді Ахметжанов.
Оның сөзінше, жергілікті қамту тауарлар бойынша 54 пайызға, жұмыстар бойынша 96 пайызға, артқан. «2013 жылдың қорытындысымен салыстырғанда қазақстандық қамтудың жалпы құны 68,5 миллиард теңге болды»,-деді әкімнің орынбасары.
Бұл ретте ол жүйеқұраушы кәсіпорындардың сатып алуларының арасында ең үлкен үлес «Қазақмыс» компаниясына тиесілі екендігін атап өтті.
«Қарағанды облысы жүйеқұраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамту бойынша көшбасшы деуге болады»,-деді Ахметжанов.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақмыс» ірі тау-кен және металургиялық корпорациясы VI «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты форум ұйымдастырып, оған 315 отандық өндіріс кәсіпорындары мен 755 ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысуда.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады