Қазақстанда 2015 жылдың алғашқы тоқсанында ЖIӨ 2,2%-ға өсті

15 Сәуір, 2015 16:08
2015 жылдың алғашқы тоқсанында ЖIӨ 2,2%-ға өстi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлiгi статистика комитетiнiң төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Жалпы iшкi өнiм бiрiншi тоқсанда 2,2 пайызға жоғарылады. Қаңтар-наурызда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 969 млрд теңгенi құрап, 2,9 пайызға өсті. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 3 трлн 372 млрд теңгенi құрап, 0,6 пайызға өстi. Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi 254 млрд теңгенi құрап, 3 пайызға артты», - деді Ә.Смайылов.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9,4% төмендеді.2015 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 254,3 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 3% артты.2015 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 107%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымы 13393,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-ақпанмен салыстырғанда 37,1% төмендеді, оның ішінде экспорт – 8533,8 млн. АҚШ долларын (45,8% аз), импорт – 4859,3 млн. АҚШ долларын құрады (12,2% аз).

«2015 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62388 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы ақпанға қарағанда 10,4% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 4,1% өсті», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар