- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақмыс» отандық өнім өндірушілерді бәсекеге қабілетті өнім өндіруге шақырды
«Қазақмыс» отандық өнім өндірушілерді бәсекеге қабілетті өнім өндіруге шақырды
«Корпорация жергілікті қамту мәселесіне жіті көңіл бөлуде, бірде-бір отандық компания бұл мәселеге осыншалықты назар аударып отырған жоқ. Біз экономиканың күрделенген жағдайына қарамастан, қолданыстағы жобаларды жүзеге асыруға, геологиялық бақылауда жаңа жобаларды іске қосуға белсенді күш салудамыз. Бүгінгі таңда біздің барлық өндірістік бірлестіктеріміз жоспарлы көрсеткіштерді орындап, әдеттегі жағдайда жұмыс істеуде»,-деді Б.Қрықпышев.
Оның сөзінше, корпорация міне үшінші жыл қатарынан ашық диалог алаңында отандық тауар өндірушілерге өздерін көрсететін тамаша мүмкіндік ұсынып, тауарды ашық көрсетуге шақырып отыр. «Бүгін біз сіздердің көмектеріңізбен өліараның уақытын, құрылғыларды жөндеу, құрылғыларға қажетті қосымша бөлшектерді дайындау шараларын қысқарттық. Көптеген мәселелер жедел шешіліп, уақыт пен қаржылай шығындардың мүмкіндігінше аз болуын қамтамасыз етті. Бұл екі жаққа да пайдасы зор іс деген ойдамын»,-деді Бас директор.
Сонымен қатар ол бүгінгі таңда тауарды шет мемлекеттерден сатып алып, оның тасымалына қыруар қаржы шығындағанша, оны еліміздің ішкі нарығынан сатып алу қажеттігін айтты. Бұл ретте ол бәсекелестіктің болуын маңызды деді.
«Біз қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты арттыруға дайынбыз және мүдделіміз, біз мүмкіндігінше отандық тауарларды көбірек алғымыз келеді. Құрметті тауар өндірушілер сапалы, әрі бәсекеге қабілетті өнім өндіріңіздер, сонда сіздерде «Қазақмыс» компаниясымен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік туады»,-деді серіктестік басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақмыс» ірі тау-кен және металургиялық корпорациясы VI «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты форум ұйымдастырып, оған 315 отандық өндіріс кәсіпорындары мен 755 ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысуда.
Индира Кауметова
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты