- Басты
- Жаңалықтар
- Су басуы мүмкін елді мекендерден алдын ала 11 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді - Б.Сағынтаев
Су басуы мүмкін елді мекендерден алдын ала 11 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді - Б.Сағынтаев
Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.
Барлық өңірлерде Ден қою жоспары әзірленіп, су тасқыны кезеңіндегі іс-қимыл жоспарына түзетулер енгізілді. Ұлттық гвардияның 4515 құтқарушылары, өрт сөндірушілері мен әскери қызметшілері, 1221 бірлік арнайы және құтқару техникасы, 74 жүзу құралдары тартылды, 106 су айдайтын құрылғы іске қосылды.
Су тасқыны басталған сәттен бастап 12 шақырымға уақытша бөгет салынып, 3,2 шақырым бөгет қалпына келтірілді, 51 мыңнан астам құм толтырылған қап қойылды. 140,6 мың текше метр су айдалды. Су басуы мүмкін елді мекендерден алдын ала 11 172 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Өңірлерде ден қою жұмыстары бойынша апаттық-құтару бөлімшелерінің күштері мен құралдары құрылды: жалпы саны 23 972 адам, 7361 бірлік техника, 982 жүзу құралдары, 16 тікұшақ жұмылдырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп күнделікті мониторинг жүргізуді, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды, қалыптасқан жағдайға жедел ден қоюды тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі