«Самрұк-Қазына» Астанада Аstanabike веложобасын жалғастырады

16 Сәуір, 2015 19:08
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бастамашы болған Аstanabike әлеуметтік жобасы 2015 жылдың жаңа кезеңінде де жұмысын жалғастырады, деп хабарлады кор өкілдері.

Қысқа мерзімде аталмыш жүйе Астанада ұйымдастырылып, «Самұрық-Қазына» қоры жобаны жетілдіріп, велопаркті 1000 велосипедке дейін, стансалар санын 150-ге дейін арттыру жөнінде шешім қабылдады.

Жүйені қолдануды оңайлату үшін велосипедті жалға беру орындарының ұсыныстары пен пікірлерін ескере келе, интернет арқылы онлайн режимінде төлем жасау және Android, IOS базасында ұтқыр банкинг жүйесі іске қосылды. Енді пайдаланушылар стансалардағы адам саны мен олардың орналасу жағдайын интернет арқылы біліп отырады.

Велосипед жүргізушілерінің қауіпсіздігі басты мәселе, сол себепті «Аstanabike» жобасының аясында Астана қаласының ішкі істер департаментінің қызметкерлері жолда жүру ережесі мен велосипед жүргізушілерінң қауіпсіздігі жөнінде белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Хабарламада мәлімделуінше, «Аstanabike» автоматтандырылған велосипедті жалға беру жүйесін пайдаланушылар 2014 жылы 577 адамды құрады. Жалға беру 15 116 болды, жалпы уақыт мерзімі 4 мың 442 сағат, ұзындығы 29 мың 206 километрді құрады. 2014 жылы қалада 40 станса жұмыс істеген, стансалар сол жағалаудағы орталық аудандарды орналасты.

Станса қызметін пайдаланушылар карточкаларына қаржыны «Мега Астана» сауда ойын-сауық орталығындағы сату бөлімдерінде құя алады. Стансалар кеңейген сайын қаладағы сату  алаңдарының саны да көбейе беретін   болады.  

   

Барлық жаңалықтар