- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақмыс» өндірісті жаңғыртуға 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөледі (ФОТО)
«Қазақмыс» өндірісті жаңғыртуға 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөледі (ФОТО)
«Өткен жылы 250 тонна мыс шығарылған, 2014 жылы инвестициялар жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп құрылғыларын қолдауға ғана емес, өндірісті кеңейту жұмыстарына да бөлінді. Жалпы алғанда алдағы 5 жылда «Қазақмыс» өндірісті жаңғыртуға 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөледі»,-деді ол.
Бас директордың сөзінше, Жезқазған аймағындағы 2010-2014 жылдардағы іздестіру-барлау жұмыстарына 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осы уақыт аралығында Жезқазған, Қарағанды, Балқаш алаңдарында 700 мың метр жерасты ұңғыланып, 3 миллиард тонна кен өндірілген.
Айта кетейік, «Қазақмыс» табиғи ресурстардың қазба жұмыстарын жүргізу мен қайта өңдеу саласындағы жетекші компания, Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші. Компания құрамына 10 кеніш пен 5 тау-кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту зауыты мен 2 көмір бөліністері кіреді.
«Қазақмыс» метал өндіру мен оны қайта өңдеумен айналысатын өндіріс нысандарын басқарады. 2014 жылы компания жеке өздері өндірген кеннен 295,2 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс пен 2 946 келі құйма алтын өндірген.
Бұған қоса «Қазақмыс» әлем бойынша ең ірі күміс өндірушілердің бірі. Өткен жылы ұжым 329 тонна күміс өндірді.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиев
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда