- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ҚР мен ҚХР арасындағы достық қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті
Н.Назарбаев ҚР мен ҚХР арасындағы достық қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті
Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының одан әрі дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мәселелер талқыланды.
Елбасы екі ел арасындағы достық және сенімге құрылған қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
« ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның былтырғы сапары табысты болды, біз бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Қытайдың «Бір белбеу, бір жол» бастамасы мен біздің «Нұрлы жол» бағдарламамыздың ұқсастықтары көп. Біздің елдеріміздің іс-қимылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысында да тоғысады, газ құбыры мен теміржолдар салудамыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚХР елшісі Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары өркендеп отырғанын, өзінің даму тарихында ең жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
« «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Қытай арманы» бағдарламасы да мақсаты мен мерзімі жағынан ұқсас. Қазақстан мен Қытай тату көрші ғана емес, стратегиялық серіктес те болып саналады. Біз Қазақстанның ел ішіндегі және өңірдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұмтылысын қолдаймыз. Қытай тарапы достық пен екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалайды», – деді Ч.Ханьхуэй.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері